Отырар ауданында жылыту маусымы кезінде өрт қауіпсіздігі мен газдан улану жағдайларының алдын алу мақсатында кешенді профилактикалық ауқымды іс-шара өткізілді.
Іс-шара жергілікті атқарушы орган, аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, газ инспекциясы және «QazaqGaz Aimaq» АҚ Түркістан өндірістік филиалы Отырар газ шаруашылығы мамандарының бірлесуімен ұйымдастырылды.
Іс-шараға Отырар ауданы әкімінің орынбасары қатысып, тұрғындармен кездесіп, қауіпсіздік шараларының маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара аясында әлеуметтік осал топтағы отбасылардың тұрғын үйлеріне улы газдың иісін анықтайтын газосигнализатор құрылғылары орнатылды. Сонымен қатар, тұрғындарға газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану, жылыту құралдарын дұрыс қолдану, өрт қауіпсіздігін сақтау және төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









