Солтүстік Қазақстан облысының Шал ақын ауданында учаскелік инспекторлар мен Сергеев орман шаруашылығының аңшылықтанушысы «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында рейд жүргізді. Сағат 21:30 шамасында Сухорабовка ауылынан 7 шақырым жерде орман алқабынан жарық байқаған. Тексеру барысында тәртіп сақшылары орман ішінен мылтығы бар 37 жастағы аудан тұрғынын және атылған жабайы қабанның ұрғашысын анықтады.
Заңсыз аң аулау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнынан жануардың ұшасы, тіркелген 12 калибрлі «ИЖ-43Е» мылтығы және «Suzuki» мотоциклі тәркіленді. Тергеу жүргізіліп, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Білген жөн: заңсыз аң аулағаны үшін 3 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тарту немесе 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сонымен қатар мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айырылуы мүмкін.
«Браконьер» ЖПІШ аясындағы рейдтік іс-шаралар тұрақты негізде жүргізіледі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









