Петропавлда рейд барысында сағат 20:00 шамасында Кеншинбаев пен Астана көшелерінің қиылысында полицейлер 46 жастағы қала тұрғыны басқарған «Audi» автокөлігін тексеру үшін тоқтатты. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары жүргізушінің көз қарашықтары жарыққа реакция бермейтінін байқады.
Ер адам облыстық наркологиялық орталыққа жеткізілді. Медициналық куәландыру оның каннабиноидтарды қолдану салдарынан есірткіге мас күйде рөлге отырғанын көрсетті. Жүргізуші марихуана шеккенін айтты.
Құқық бұзушы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылды.
«Мас күйде көлік басқару – қайғылы салдарға әкеп соғуы мүмкін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу. Жыл басынан бері облыс орталығында мас жүргізушілердің кінәсінен 6 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 7 адам жарақат алды. Мас жүргізушіні ұстаудың әрбір дерегі – ықтимал жол апатының алдын алу. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс тұрақты түрде жүргізілуде», – деп атап өтті Петропавл қаласы полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









