Петропавлдың 700-ге жуық жоғары сынып оқушысы қазіргі полицияның нағыз батырларының бірімен кездесті. Үш жыл бұрын Петропавл қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының инспекторы Олег Головин түнде Есіл өзеніне түсіп кеткен әйелді құтқарған болатын.
Оқиға қазан айының бір түнінде болған. Көмек сұраған дауысты естіген полицей мұздай суға түсіп, жағалаудағы адамдардың қолшамдары мен нұсқауларына сүйене отырып, қамыс арасынан әйелді тапқан. Ол әйелдің судан шығуына көмектесіп, жағаға алып шыққан. Кейін әйел ауруханаға жеткізілген. Ал Олег Головин киімін ауыстырып, қызметін жалғастырған. Осы ерлігі үшін 2024 жылы Мемлекет басшысы оны Бауыржан Момышұлы атындағы II дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады.
Оқушылар онымен Жастар сарайында өткен кәсіби бағдар беру кездесуінде танысты. СҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Абылғазы Ғабдуллин жастарға полиция қызметінің мүмкіндіктері, ІІМ оқу орындарына түсу тәртібі және полициядағы сұранысқа ие мамандықтар туралы айтып берді.
Оқушыларға заманауи қазақстандық полицияның қызметі көрнекі түрде таныстырылды. Олар жауынгерлік жабдықтар көрмесін, жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлерінің көрсетілімін және тәртіп сақшыларының түрлі қызметтік көліктерін тамашалады. Олардың арасында брондалған автокөлік те болды. Қалаған оқушылар осы көлікке мініп, серуендеу мүмкіндігіне ие болды.
Жасөспірімдердің ерекше қызығушылығын «төрт аяқты дрон» – робот-ит тудырды. Ол жетуі қиын әрі қауіпті жерлерге кіріп, адам көп жиналатын орындарда іздеуде жүрген адамдардың бет-әлпетін анықтауға және басқа да тапсырмаларды орындауға қабілетті. Оқушылар сондай-ақ кинолог пен қызметтік иттің жұмысын көрді. Мерекелік көңіл күйді СҚО Полиция департаменті Мәдениет орталығының вокалдық тобы ұсынған концерттік нөмірлер толықтырды.
Ең бастысы, оқушылар полиция қызметін тек лайықты жалақы мен әлеуметтік кепілдіктер үшін ғана емес, ең алдымен халықтың амандығына жауапкершілік алып, адамдарға нақты көмек көрсету мүмкіндігі ретінде таңдаған жандармен танысты. Бәлкім, осындай өнегелі мысалдардың арқасында бүгінгі жоғары сынып оқушыларының бірі болашақта Заң мен тәртіпт і қорғауға бел буған шығар.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









