Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны қиын сәтте көмек көрсеткен полицейлерге алғыс білдірді.
25 қараша күні сағат 16:15 шамасында «Челябі – Новосібір» автожолының Знаменское ауылы маңындағы учаскесінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне Chery Tiggo автокөлігін басқарған әйел жүгінді. Ол жақында ота жасалған әкесін медициналық мекемеге апара жатқанын айтып, ауруханаға дейін ілесіп жүруді сұрады.
«Әкемнің жағдайы күрт нашарлап, отадан кейінгі тігістерінен қан кете бастады. Жағдай өте күрделі болды. Әкеме шұғыл медициналық көмек қажет еді, оны хирургия бөлімінде дәрігерлер күтіп отырған», – деп жазды кейінірек әйел алғыс хатында.
Тәртіп сақшылары ер адамға патрульдік автокөлікке отыруды ұсынды. Кешкі уақытта дымқыл асфальт бетінде мұз қатуы мүмкін еді, бұл жоғары жылдамдықпен ілесіп жүру кезінде қауіп тудыратын. Полицейлер қызметтік автокөліктің жарқылдауық маяктары мен дыбыстық сигналдарын қосып, науқасты шамамен 20 минут ішінде дәрігерлерге жеткізді.
«Хочу от всей души поблагодарить капитана полиции Кокашева А. К. и старшего лейтенанта полиции Казиева М. А. за то, что они не остались равнодушными, откликнулись на мою просьбу. Благодаря им отец своевременно получил необходимую экстренную медицинскую помощь», —– деп жазды әйел.
Көмек көрсеткеннен кейін Мейрам Қазиев пен Әділбек Қоқашев патрульдеу бағытына қайта оралды. Маусымаралық кезеңде полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын күшейтті.
Ауа райының құбылмалы жағдайында тәртіп сақшылары жүргізушілерді барынша сақ болуға шақырады. Жаңбыр, қар жауу ықтималдығы, аяз бен көктайғақ көлік басқаруды қиындатады. Жылдамдық режимін сақтау, көлік құралдары арасындағы арақашықтықты ұлғайту және күрт маневр жасаудан аулақ болу қажет. Жазғы шиналарын қысқы шиналарға әлі ауыстырмаған жүргізушілерге мұны мүмкіндігінше тезірек жасау ұсынылады.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









