Қазіргі таңда интернет-алаяқтық қоғамда жиі кездесетін өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Алаяқтар азаматтардың сеніміне кіріп, олардың жеке деректері мен ақшалай қаражатын заңсыз иемденудің түрлі тәсілдерін қолдануда.
Интернет-алаяқтықтың кең таралған 10 түрі:
* Фишинг – жалған сілтемелер арқылы банк картасының деректерін, құпиясөздер мен жеке мәліметтерді ұрлау.
* Жалған интернет-дүкендер – тауарды арзан бағамен ұсынып, алдын ала төлем алғаннан кейін байланысқа шықпай қою.
* Банк қызметкері болып қоңырау шалу – өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын иемдену.
* WhatsApp және әлеуметтік желілер арқылы алаяқтық – таныстарының атынан хабарлама жіберіп, ақша сұрау.
* Жалған инвестициялық жобалар – аз уақыт ішінде жоғары табыс табуға уәде беріп, қаражат тарту.
* Жалған ұтыстар мен сыйлықтар – сыйлық ұтып алғаны туралы хабарлап, оны алу үшін ақша аударуды талап ету.
* Жұмысқа орналастыру кезіндегі алаяқтық – жоғары жалақы ұсыну арқылы алдын ала төлем талап ету.
* Несие рәсімдеу арқылы алаяқтық – азаматтардың жеке деректерін пайдаланып, олардың атынан несие рәсімдеу.
* Жалған қайырымдылық жинақтары – әлеуметтік желілерде жалған көмек сұрау хабарландыруларын тарату.
* Жалған хабарландырулар – тұрғын үйді жалға беру, автокөлік немесе басқа тауарларды сату кезінде алдын ала төлем алып, алдап кету.
Құрметті тұрғындар!
Интернет желісін пайдалану кезінде сақ болыңыздар! Бейтаныс адамдарға банк картасының деректерін, SMS арқылы келген растау кодтарын және жеке мәліметтеріңізді бермеңіздер. Күмәнді сілтемелерге өтпеңіздер және белгісіз адамдардың шоттарына ақша аудармаңыздар.
Өз қаржылық қауіпсіздігіңізге жауапкершілікпен қараңыздар! Алаяқтықтың алдын алу – әр азаматтың міндеті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








