Петропавлда төрт әйел «Үлгілі жүргізуші» атанды

    1 / 4

    Бұл күні полицейлер көлік құралдарының мемлекеттік тіркеу нөмірлерін деректер базасы арқылы тексеріп, өрескел құқық бұзушыларды емес, жол қозғалысы ережелерін бұлжытпай сақтайтын жүргізушілерді іздеді. Осылайша тәртіп сақшылары Петропавлда «Үлгілі жүргізуші» акциясын өткізді.

    Қаладағы көлік қозғалысы ең қарқынды көшелердің бірі – М. Жұмабаев көшесінде аз уақыт ішінде жол қозғалысы ережелерін бірде-бір рет бұзбаған төрт жүргізуші анықталды. Бір қызығы, олардың барлығы әйелдер болып шықты.

    «Жолда сақтық таныту – ең бастысы. Әсіресе қазіргідей қар жауып, көктайғақ болуы мүмкін кезде бұл өте маңызды», – деді акция жеңімпаздарының бірі.

    Үлгілі жүргізушілерге грамоталар мен сыйлықтар – автокөлікке арналған хош иістендіргіштер және көлікті қар мен мұздан тазартуға арналған құралдар табысталды. Полицейлер барлық жүргізушілерді олардан үлгі алуға шақырады.

    10 ай ішінде Петропавл аумағында 302 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам қаза тапты, 398 адам жарақат алды. Жол-көлік оқиғаларының жиі кездесетін себептерінің бірі – жол қиылыстарынан өту ережелерін бұзу.

    Тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерінің талаптарын қатаң сақтау, жаяу жүргіншілер өткелдері мен көше қиылыстарында мұқият болу қажеттігін еске салады. Заң мен тәртіп әр адамның жауапты мінез-құлқынан басталады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары