2026 жылғы 19 қарашада Дружба ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Д. Ю. Смола Целинное орта мектебінің 7–11 сынып оқушыларымен профилактикалық әңгіме өткізді.
Кездесу барысында құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өзекті мәселелер қарастырылды:
Киберқауіпсіздік — интернет желісінде қауіпсіз жүріп-тұру ережелері, жеке деректерді қорғау және күмәнді пайдаланушылармен қарым-қатынас жасамау қажеттілігі түсіндірілді.
Интернет-алаяқтықтың алдын алу — интернеттегі кең таралған алаяқтық тәсілдері, алаяқтық әрекеттерді анықтау жолдары, әлеуметтік желілер мен онлайн-сервистерді пайдалану кезіндегі сақтық шаралары туралы айтылды.
Мал ұрлығының алдын алу — бөтеннің мүлкін, оның ішінде малды ұрлағаны үшін заңнамада көзделген жауапкершілік, сондай-ақ заң талаптарын сақтау маңыздылығы түсіндірілді.
Алкоголь өнімдерін тұтынудың алдын алу — алкогольдің адам денсаулығына, жасөспірімдердің физикалық және психикалық дамуына кері әсері, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың алкоголь тұтынғаны үшін жауапкершілік мәселелері түсіндірілді.
Кездесу барысында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті сезінуге және заңнама талаптарын сақтауға ерекше назар аударылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.





