Декларацияланбаған валютаны алып өту әрекеттерінің жолын кесу туралы

    1 / 6

    ҰҚК Шекара қызметі ақша қаражатын шетелге заңсыз әкетуге жол бермеу бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.

    Тек 2026 жылдың 16-25қарашасы аралығында өткізу пункттерінде шекарашылар жалпы сомасы508млн теңгеден асатын декларацияланбаған валютаны алып өтудің59әрекетінің жолын кесті.

    Атап айтқанда, 18 қарашада Ақтөбе облысындағы шекарада ҚР азаматының багажынан 4 441 500 рубль(баламасы – шамамен 23 млн теңге)мөлшерінде ақша қаражаты табылды.

    Сондай-ақ 23 қарашада «Қордай» өткізу пунктінде 200 000 АҚШ долларын(баламасы – шамамен 91 млн теңге)жасырын түрде алып өтпек болған шетелдік анықталды.

    Аталған фактілер бойынша материалдар процестік шешім қабылдауыүшін тергеулігі бойынша құзыретті органға берілді.

    ҰҚК Шекара қызметі республика аумағынан тыс жерлерге ҚР заңнамасында белгіленген сомадан(10 мың АҚШ долларынан аспайтын)жоғары қолма-қол ақша қаражатын әкетуге тыйым салынғанын еске салады.

    ҰҚК баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі" жаңалықтары