ШӘҚК отырысын өткізу туралы

    1 / 7

    2026 жылғы 29 қазанда Астана қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Шекара әскерлері қолбасшылары кеңесінің 93-ші отырысы өтті.

    Іс-шараға Қазақстан, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан шекаралық ведомстволарының, сондай-ақ ШӘҚК Үйлестіру қызметінің, ТМД Атқарушы комитетінің, Терроризмге қарсы орталықтың, ТМД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі үйлестіру бюросы және ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының басшылары мен сарапшылары қатысты.

    ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сыртқы шекараларын қорғаудың, ақпарат алмасуды автоматтандырудың, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын іске асырудың, қылмыспен күресу жөніндегі бірлескен шаралардың өзекті мәселелері талқыланды.

    Кездесуге қатысушылар Достастық кеңістігінде шекара қауіпсіздігін нығайтуда ШӘҚК маңызды рөлін атап өтті.

    Халықаралық іс-шараның қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды.

    ҰҚК баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі" жаңалықтары