«ДАЛА ДӘМІ» АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

    1 / 2

    Бүгін Сарыкемер ауылындағы орталық алаңда «Дала дәмі» атты ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкенің негізгі мақсаты – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау, ауыл шаруашылығы өнімдерін тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсыну және отандық өнімдердің сауда айналымын арттыру.

    Жәрмеңкеге жергілікті өндірушілер қатысып, өздері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Сауда сөрелерінен тауық еті, сүт өнімдері, табиғи бал және түрлі көкөністерді кездестіруге болады. Тұрғындар қажетті азық-түлік өнімдерін тиімді бағамен сатып алып, сапалы әрі табиғи өнімдерге қол жеткізді.

    Мұндай жәрмеңкелер жергілікті кәсіпкерлердің әлеуетін арттыруға, ауыл шаруашылығы саласының дамуына және өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланысты нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, тұрғындарды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге және жергілікті өнімдердің сұранысын арттыруға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Байзақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімі" жаңалықтары