
ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы қыркүйекте құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:
Шекара кеңістігінде 4 138 ҚР заңнамаларын бұзушыларды ұстады, оның ішінде 3 502 шетел азаматтары.
2,5 млрд теңгесомасында тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 1 598 фактінің алды алынды, оның ішінде:
37 факті – есірткі заттары;
62 факті – қарулар мен оқ-дәрілер(2 дана травматикалық қару, 2 дана газ қаруы, 77 дана оқ-дәрі);
816 факті – көлемі 80 тоннадан асатын мөлшерде ЖЖМ, жалпы сомасы 24,1 млн теңге;
549 факті – жалпы сомасы 1,3 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;
134 факті – сомасы 1,2 млрд теңгеден астам валюта.
Каспий теңізінің акваториясында браконьерлікпен айналысудың 48 фактінің алды алынды, 41,7 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 145 дана(840 кг) бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Алды алынған шығын сомасы 350 млн теңгеден астамды құрады.
Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 66 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізілуде.
Сондай-ақ 34 млн теңгеден астам айыппұл салынған 3 607 әкімшілік іс өндірісте.
Қалған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдауы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
ҰҚК баспасөз қызметі






