ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы қазанда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:
Шекара кеңістігінде 3 318 ҚР заңнамаларын бұзушыларды ұстады, соның ішінде 2 791 шетел азаматы.
2,1 млрд теңгеден асатынсомада тауарлар мен жүктерді шекара арқылы заңсыз өткізудің 1 267 фактісінің алды алынды.
Каспий су айдынында браконьерлікпен айналысудың 119 фактісінің алды алынды, 88 км браконьерлік құрал, сондай-ақ 187 дана(933 кг)бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Алдын алынған шығын сомасы 413 млн теңгеден астамды құрады.
Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 47 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізілуде.
Сондай-ақ 35 млн теңгеден астам айыппұл салынған 3 021 әкімшілік іс өндірісте.
Қалған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді.
ҰҚК баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








