2026 жылғы 11 қарашада Дружба ауылдық округі әкімінің аппаратында жеке кәсіпкерлерге арналған ақпараттық-түсіндіру семинары өтті.
Семинардың тақырыбы: «Азық-түлік базарлары мен сауда объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын талаптар. Тағамнан улану мен токсикоинфекциялардың туындауының алдын алу шаралары. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету».
Семинар спикері — Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Р. Б. Аржикеева болды.
Семинар барысында қатысушыларға сауда объектілері мен азық-түлік базарларына қойылатын негізгі санитариялық-эпидемиологиялық талаптар түсіндірілді. Сонымен қатар санитариялық нормаларды сақтау, тағамнан улану мен токсикоинфекциялардың алдын алу мәселелері кеңінен қарастырылды.
Сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Семинар кәсіпкерлер үшін өзекті ақпарат алуға, қажетті түсіндірмелермен танысуға және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау жөніндегі құқықтық сауаттылықтарын арттыруға мүмкіндік берген пайдалы алаң болды.
Санитариялық нормаларды сақтау — тұтынушылардың қауіпсіздігі, өнім сапасы және халық денсаулығының кепілі!
Сондай-ақ, Дружба ауылдық округінің әкімі А. Қ. Омаров қатысушыларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің алкоголь өнімдерін өткізу саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейтін 200-бабының нормаларын түсіндірді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.




