Сүзек ауданының төрт ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеттері салынуда.
Түркістан облысы Созақ ауданындағы 4 елді мекенде (Жартытөбе, Сызған, Құмкент, Қарақұр) «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында бірден 4 өрт сөндіру бекетінің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Аталған жоба шалғай жатқан ауылдық округтердегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету сапасын арттыруға бағытталған.
Жаңадан бой көтеріп жатқан бекеттер қажетті арнайы техникалармен және құрал-жабдықтармен толық жарақтандырылатын болады. Бұл өз кезегінде кәсіби өрт сөндіру бөлімдері жеткенге дейін тілсіз жауға қарсы шұғыл шаралар қабылдап, тұрғындардың қауіпсіздігін айтарлықтай күшейтуге мүмкіндік береді.