1 / 7
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында волонтерлеріміз балалар ойын алаңында кезекті тазалық жұмыстарын жүргізді.
Өкінішке қарай, бұл тазалық жұмыстары алғаш рет жүргізіліп отырған жоқ. Алайда алаңда қоқыс қайта-қайта пайда болуда.
Жастарымыз кішкентай тұрғындарымыз үшін ойын алаңын таза, жайлы әрі қауіпсіз ету мақсатында уақыттары мен күштерін аямай, игі іске өз үлестерін қосуда.
Дегенмен тазалық сақтау — баршамызға ортақ міндет екенін ұмытпайық! Өзгенің еңбегін бағалап, қоғамдық орындарды күтіп ұстап, айналамызға қоқыс тастамауға шақырамыз.
Өйткені тазалық — үнемі жинайтын жерде емес, қоқыс тастамайтын жерде сақталады!
#тазақазақстан
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








