Ресей Федерациясының Пермь қаласының мэрі Эдуард Соснинмен кездесу өтті

    1 / 2

    Кездесу барысында екі қала арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты кеңейту, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және іскерлік топтар арасындағы өзара байланысты дамыту мәселелері талқыланды.

    Кездесу аясында Шымкент қаласының экономикалық және инвестициялық әлеуеті таныстырылып, өнеркәсіп, сауда, туризм және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылды.

    Сонымен қатар, кәсіпорындар арасында тікелей байланыс орнату, тәжірибе алмасу және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелеріне назар аударылды.

    Кездесу қорытындысы бойынша Шымкент пен Пермь қалалары арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы меморандумға қол қойылды. Аталған құжат екі қала арасындағы іскерлік, мәдени және гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуға және өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға негіз болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы" КММ" жаңалықтары