Шымкент қаласына Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Су Фанцю келді.
Сапар аясында екіжақты кездесу өтіп, онда тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту және байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында Шымкент қаласы мен Қытай тарапы арасындағы әріптестікті кеңейту перспективалары, өзара тәжірибе алмасу және ортақ мүдделерге бағытталған бастамаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.
Сонымен қатар, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту, іскерлік қатынастарды жандандыру және өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын айқындау мәселелеріне назар аударылды.
Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың және өзара тиімді әріптестікті дамыту мақсатында тұрақты диалог жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын бағыттарда байланысты жалғастыруға және ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделілік білдірді









