Екі күнге созылған спартакиада Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылды.
Спартакиадаға облыстық, аудандық, қалалық деңгейдегі жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саласының, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қатысты.
Спорттық жарыстар шағын футбол, дойбы, волейбол, үстел теннисі және бильярд түрлері бойынша өтті. Жалпы жарысқа әлеуметтік сала қызметкерлерінен құралған 24 команда, 400-ге жуық адам қатысты.
Іс-шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік сала қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортты дамыту, ұжымдық рух пен ауызбіршілікті нығайту.
Спартакиада қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Ескелді ауданының командасы;
🥈 ІІ орын – «Аутизм» командасы;
🥉 ІІІ орын – Қоғалы командасы.
Спартакиада әлеуметтік сала қызметкерлерінің басын қосып, өзара ынтымақтастықты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосты. Жарысқа қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіріп, алдағы жұмыстарына табыс тілейміз!








