Сапалы қызметке – зор алғыс

    Сапалы қызметке – зор алғыс

    Бүгін басқарма басшысы Ермек Мизамбаев «Жансая» күндізгі болу орталығының басшысын қабылдап, ерекше қажеттілігі бар балаларға көрсеткен сапалы қызметі үшін ұжымын құттықтады.

    2026 жылы Алакөл көлінде ұйымдастырылған жазғы лагерь барысында орталық қызметкерлері ерекше қажеттілігі бар балалардың қауіпсіз әрі жайлы демалысын қамтамасыз етіп, оларға сапалы қызмет көрсетті.

    Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олардың қажеттіліктеріне ерекше көңіл бөлу және жайлы орта қалыптастыру бағытындағы атқарылған жұмыстар жоғары бағаланды.

    Басқарма басшысы «Жансая» күндізгі болу орталығының ұжымына кәсіби еңбегі мен жауапкершілігі үшін алғысын білдіріп, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

    Ерекше қажеттілігі бар балаларға сапалы қызмет көрсету – әлеуметтік қолдаудың маңызды бағыттарының бірі. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары