Алматыда түнгі рейд жүргізілді.
Алматы қаласының Алмалы ауданында полиция қызметкерлері ақылы интимдік қызмет көрсетілуі мүмкін деген күдікке ілінген пәтерлерді тексерді.
Төле би даңғылындағы үйлердің бірінде притон жұмыс істеуі мүмкін екені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына алғашқылардың бірі болып «Буран-205» патрульдік экипажы жетті. Ақпарат расталды. Пәтерде болған әйел жеке басын анықтау және құқық бұзушылықтарға қатысы бар-жоғын тексеру үшін полиция бөліміне жеткізілді.
Екінші мекенжай Шевченко көшесінде орналасқан. Мұнда ақылы интимдік қызмет көрсетті деген күдікпен 31 жастағы шетелдік азаматша ұсталды.
Қазіргі уақытта полиция оның Қазақстан аумағында болу заңдылығын және көші-қон заңнамасын бұзу фактілерінің бар-жоғын тексеріп жатыр.
Мұндай деректерді анықтау жұмыстары жалғасуда.
Полиция азаматтардан түскен әрбір хабарламаны назарға алып, тиісті шаралар қабылдайды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









