Әлеуметтік жоба аясында гранттар табысталды

    1 / 7

    Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы «Жігер» мүмкіндігі шектеулі азаматтарды құқықтық және әлеуметтік қорғау бойынша Жетісу облыстық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Мүгедектігі бар адамдардың тәуелсіз өмірі әлеуметтік саясат пен әлеуметтік жұмыстың мақсаты ретінде» жобасын іске асырды.

    Жобаның мақсаты - мүгедектігі бар адамдарды, көпбалалы отбасыларды, мүгедектігі бар балалардың ата-аналарын Resin Art техникасына және айна ыдыстармен жұмыс істеуге оқытуды ұйымдастыруға, олардың практикалық дағдыларын дамытуға және өндірістік базаны пайдалану арқылы жеке ісін ашуына жәрдемдесуге бағытталған.

    Аталған жоба аясында 2026 жылғы маусым–қараша айлары аралығында көпбалалы аналарды және мүгедектігі бар балалардың ата-аналарарасынан 118 адамменResin Art техникасына оқытуға, шығармашылық және кәсіпкерлік дағдыларын дамытуға, сондай-ақ өзін-өзі жұмыспен қамтуға қолдау көрсетуге бағытталған кешенді жұмыс жүргізілді.Қатысушылар эпоксидті шайырдан 111 сәндік бұйым мен кәдесый дайындады.

    Сондай-ақжоба аясындамүгедектігі бар адамдарға практикалық дағдыларды дамыту және жеке ісін ашуға жәрдемдесу мақсатында конкурс өткізілді.Нәтижесінде сараптамалық комиссия арқылы ұсынылған 7 бизнес-идеяның ішінен болашағы зор жобалар таңдалып, 3 шағын грант иегерлері анықталдыжәнешағын гранттар байқауының жеңімпаздарына өз ісін бастауға арналған 500 000 теңгелік сертификаттар табысталды.

    Грант иегерлері атанғандар:

    🔹Кембаева Гүлнұр (Жаркент қаласы) — авторлық интерьерлік бұйымдар шеберханасы;

    🔹Жақыбаева Сымбат (Талдықорған қаласы) — «Сырлы өрнек» жобасы;

    🔹Маманов Айдар (Алакөл ауданы, Қызылқайың ауылы) — «Qyzylqaiyn Resin Art» жобасы.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" жаңалықтары