Солтүстік Қазақстан облысында семинар өтті

    1 / 3
    📌 2026 жылғы 12 қарашада СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарына арналған семинар өтті.
    ⚡️ Іс-шара Департамент басшысының орынбасары міндетін атқарушы
    М.Б. Давлетбаеваның төрағалығымен өткізілді.
    ⚡️ Семинар барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларды ресімдеу кезінде заңнама талаптарын сақтау, статистикалық есептіліктің дұрыстығын қамтамасыз ету және әкімшілік рәсімдерді қолдану мәселелері қаралды.
    ⚡️ Сонымен қатар қатысушыларға нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер, ақпараттық қауіпсіздік талаптары және қызмет бабында пайдалануға арналған құжаттармен жұмыс істеу тәртібі түсіндірілді.
    📌 Семинар соңында қатысушылар тәжірибе алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары