📌 Солтүстік Қазақстан облысындағы ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай

    ⚡️ Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында ЖРВИ мен тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
    ⚡️ 2026 жылғы 1 қазаннан бастап 2026–2027 жылдардағы жаңа эпидемиялық маусым басталды.
    ⚡️ Эпидемиялық маусым басталғалы бері ЖРВИ-дің 14 327 жағдайы тіркелді. Соңғы аптада ЖРВИ-мен сырқаттанудың 2 569 жағдайы анықталды.
    ⚡️ Сонымен қатар, ағымдағы эпидемиялық маусымда тұмау жағдайлары әзірге тіркелген жоқ.
    💉 Тұмауға қарсы вакцинация
    ⚡️ 2026 жылғы 6 қазаннан бастап облыста халықты тұмауға қарсы иммундау науқаны басталды. Осы мақсатта тәуекел топтарына жататын адамдарды вакцинациялауға арналған ресейлік өндірістегі «Гриппол Плюс» вакцинасының 60 мың дозасы сатып алынды.
    ⚡️ Оларға мыналар жатады:
    ▪️ медицина қызметкерлері;
    ▪️ медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балалар;
    ▪️ балалар үйлері мен сәбилер үйлеріндегі балалар;
    ▪️ қарттар үйлерінде тұратын адамдар;
    ▪️ эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша вакцинациялауға жататын адамдар, оның ішінде созылмалы аурулары бар азаматтар, мектеп оқушылары, жүкті әйелдер, егде жастағы адамдар, ерте жастағы балалар, сондай-ақ жабық үлгідегі мекемелерде және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарда болатын адамдар.
    ⚡️ Вакцинация тіркелген жері бойынша емханада тегін жүргізіледі.
    📊 Бүгінгі таңда тәуекел топтарына жататын 42 231 адам вакцина алды.
    🤒 ЖРВИ мен тұмаудың негізгі белгілері
    ⚡️ Негізгі белгілеріне дене қызуының көтерілуі, жалпы интоксикация, әлсіздік, дел-салдық, тамақтың ауыруы және мұрынның бітелуі жатады.
    ❗️ Алғашқы белгілер пайда болған жағдайда не істеу керек?
    ⚡️ ЖРВИ мен тұмаудың алғашқы белгілері байқалған кезде өздігінен емделуге болмайды. Медициналық көмекке жүгіну немесе дәрігерді үйге шақыру қажет. Инфекцияның таралуына жол бермеу үшін науқас баланы балабақшаға немесе мектепке жібермеу керек.
    ⚡️ Аурудың ұзаққа созылуы асқынуларға әкелуі мүмкін. Олардың ішіндегі ең қауіптілерінің бірі – пневмония.
    ✨ Өзіңізді ЖРВИ мен тұмаудан қалай қорғауға болады?
    ⚡️ ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу үшін мынадай шараларды сақтау ұсынылады:
    ▪️ үй-жайларды күнделікті желдету;
    ▪️ қолды мұқият жуу және қажет болған жағдайда антисептикалық құралдарды пайдалану;
    ▪️ сырқаттанушылықтың маусымдық өсуі кезеңінде мүмкіндігінше көпшілік іс-шаралардан аулақ болу, ал қатысу қажет болған жағдайда медициналық маска тағу;
    ▪️ белсенді өмір салтын ұстану және үнемі дене шынықтырумен айналысу;
    ▪️ ұйқы режимін сақтау және дұрыс тамақтану.
    📌 Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың денсаулығын сақтаңыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары