Департаментте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті

    1 / 4
    📌 СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын сақтау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
    ⚡️ Кеңеске Департаменттің, «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның СҚО бойынша филиалының мамандары, сондай-ақ онлайн режимде қосылған аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының қызметкерлері қатысты.
    ⚡️ Кеңес Департамент басшысының орынбасары – әдеп жөніндегі уәкіл
    С.М. Барменбаевтың төрағалығымен өтті.
    ⚡️ Іс-шара барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі С.Ж. Суханов санитариялық-эпидемиологиялық бақылау органдарының қызметіндегі негізгі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін түсіндірді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметтер көрсету, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру кезінде туындайтын тәуекелдерге тоқталды.
    ⚡️ Мүдделер қақтығысының алдын алу, заңнамада белгіленген шектеулерді сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің тиімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
    ⚡️ «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің өкілі А.М. Мырзакулов сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу шаралары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілік және лауазымдық міндеттерді орындау кезінде заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігі туралы баяндады.
    ⚡️ Кеңес қорытындысы бойынша заңдылық, адалдық және қызметтік әдеп қағидаттарын сақтау, сондай-ақ ұжымда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік қағидатын қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары