
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы №698 Жарлығына сәйкес қыркүйек айының соңғы жексенбісі Қазақстанда «Еңбек күні» болып белгіленген.
Осыған орай 22 қыркүйек күні Жетісу облысында еңбек адамын дәріптеуге және жұмысшы мамандықтардың мәртебесін арттыруға бағытталған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында экономиканың әр түрлі саласының қызметкерлері, өндіріс озаттары, тәжірибелі еңбек майталмандары мен кәсіби мамандар, сондай-ақ Еңбек ардагерлері облыс басшылығының Алғыс хаттарымен және өзге де көтермелеу шараларымен марапатталды.
Сонымен қатар, «Еңбек күні» мерекесі аясында «Еңбек жолы» конкурсының өңірлік жеңімпаздары марапатталды. 2026 жылы өткізілген конкурсқа аудан және қалалардан 14 өтінім келіп түсті.
Конкурс үш номинация бойынша өткізілді, нәтижесінде комиссия шешімімен 3 жеңімпаз анықталды:
* «Үздік еңбек әулеті» – Қожахметовтер әулеті - спортшылар;
* «Жұмыс істейтін жастардың үздік тәлімгері» – Қыдырбаева Гүлмайра Қожахметқызы - Қаратал ауданы Елтай орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі;
* «Өндірістің үздік жас маманы» – Дубеков Мерей Ермұратұлы - «Текелі тау-кен өңдеу кешені» өнідірісінің жетекші инженер маманы .
Жеңімпаздарға облыс әкімінің Алғыс хаттары мен ақшалай сертификаттар табысталды.
Салтанатты іс-шараға облыс басшылығы, салалық мемлекеттік органдардың өкілдері, еңбек ардагерлері, аға буын өкілдері және жас мамандар қатысты.
Фотограф: Шоқан Сақтасынов








