Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы

    Бүгін біз, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу тәртібін, оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы төлеу шарттарын және жеңілдіктер мен өтемақы алу құқығын растайтын куәліктерді беру мәселелерін қарастырамыз.
    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрі 2021 жылғы 25 наурызындағы № 84 бүйрығына сәйкес, Қағидалар осы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін айқындайды.
    Мемлекеттік қызметті республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.
    Арнайы комиссиялар азаматтарын тіркеу немесе тіркеуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды, тiзiмдердi жасайды және оларды жеке iстермен бiрге «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының тиісті бөлiмшелерiне жiберiледi.​​​​​​​​​​Арнайы комиссия төрағасы куәландырған тізімге сәйкес шешім қабылданған күннен бастап азаматқа куәлік береді.​​​​​ ​ Біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы арнайы комиссиялар зардап шеккен және тіркелген азаматтарға радиациалық қауіпті аймақтарда тұрған әрбір толық жыл үшін тағайындалады. ​ Бұл ретте 1949 жылдан бастап 1965 жылға дейінгі және 1966 жылдан бастап 1990 жылға дейінгі кезең ескеріледі.​​​​​Өтемақы мөлшері Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Заңының 12 бабына сәйкес, радиациялық қауіпті аймағы мен тұру ұзақтығын ескере отырып айқындалады. Бұл ретте аумақтардың заңмен белгіленген шекаралары кейінгі әкімшілік- аумақтық өзгерістерге қарамастан ескеріледі.​​​​​​​​​​​
    Залалданған аумақтар радиациялық қауіптің бес аймағына бөлінеді:
    1. төтенше радиациялық қауiптi аймағы. Өтемақы мөлшері 1949 – 1965 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 5,23 айлық есептік көрсеткіш және 1966 – 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 1,05 айлық есептік көрсеткіш құрайды.
    2. ең жоғары радиациялық қауiптi аймағы. Өтемақы мөлшері 1949 – 1965 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 2,62 айлық есептік көрсеткіш және 1966 – 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 1,05 айлық есептік көрсеткіш құрайды.
    3. жоғары радиациялық қауiптi аймағы. Өтемақы мөлшері 1949 – 1965 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 1,57 айлық есептік көрсеткіш және 1966 – 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 0,79 айлық есептік көрсеткіш құрайды.​​​​​​​​​​
    4. ең төмен радиациялық қауiптi аймағы. Өтемақы мөлшері 1949 – 1965 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 1,05 айлық есептік көрсеткіш және 1966 – 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 0,52 айлық есептік көрсеткіш құрайды.​​​​​​​​​
    5. жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аймағы. Өтемақы мөлшері 1949 – 1990 жылдар кезеңінде тұрған әрбір жыл үшін 0,26 айлық есептік көрсеткіш құрайды. ​​​​​​​​Осылайша азаматты тiркеуге, куәлік алуға және оларға бiржолғы мемлекеттiк ақшалай өтемақы алуға құқығы оның зардап шеккен азамат деп танылуына, тиісті аумақта тұрғанын растайтын құжаттардың болуына және заңда белгіленген кезеңдерде сол аумақта тұру ұзақтығына байланысты болады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕКТТІК МЕКЕМЕСІ" жаңалықтары