Ел еңбегін еңселендірген ел азаматы

    1 / 3

    Ауылдың тыныс-тіршілігін дөңгелетіп, ел іргесінің бүтіндігі мен берекесін арттыруда жергілікті басшылардың еңбегі орасан. Осындай атпал азаматтардың бірі – Ақкөл ауылының әкімі Балғабай Таулашович биыл пайғамбар жасына таяған, өмірдің тағы бір белесі – 61 жасқа (мүшел жасқа) толды. Осы айтулы мерейтойға орай ауыл әкімдігінің ұжымы мен жергілікті тұрғындар басшыға ерекше құрмет көрсетіп, салтанатты шара өткізді.

    13 қазан күні толған осы бір маңызды белес – еселі еңбек пен парасаттылықтың, өмірлік тәжірибе мен азаматтық кемелдіктің айқын көрінісі. Балғабай Таулашовичтің ауыл халқының мұң-мұқтажына құлақ түріп, әрбір іске үлкен жауапкершілікпен қарауы ұжым мен тұрғындар арасында жоғары бағаланып келеді. Оның басқарушылық қабілеті мен кісілік келбеті бүгінде көпке үлгі.

    Салтанатты жиында әкімдік ұжымы атынан игі тілектер айтылып, мерейтой иесіне дәстүр бойынша құттықтау папкасы табыс етілді және иығына қазақы салтпен шапан жабылды. Шара барысында ауылдың сыйлы ақсақалдары мен кәсіпкерлері де жылы лебіздерін білдірді. Атап айтқанда, зейнеткер ветеринар Қайрат Ордабаев пен жеке кәсіпкер Жүнісбек Бұрибаев құттықтау сөз сөйлеп, Балғабай Таулашовичтің ауылды көркейту жолындағы қажырлы еңбегін, азаматтық тұлғасын ерекше атап өтті. Сала ардагерлері мен кәсіпкерлер қауымы мерейтой иесіне мықты денсаулық пен отбасылық береке тіледі.

    Ақкөл ауылының әкімдік ұжымы мен тұрғындары Балғабай Таулашовичті тағы да мүшел жасымен құттықтай отырып, ел үшін жасап жатқан жұмыстарына сәттілік, шаңырағына құт-береке тілейді. Елдің ардақты азаматы болып, аман-есен жүре беріңіз, мүшел жасыңыз құтты әрі берекелі болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жангелдин ауданының Ақкөл ауылы әкімінің аппараты ММ" жаңалықтары