Жангелдин ауданының Ақкөл ауылы әкімінің аппараты ММ

    Аппарат туралы

    Жангелдин ауданы Ақкөл ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - әкім аппараты), Ақкөл ауылы әкімінің (бұдан әрі - әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасы заңнамасымен көрсетілген басқа да қызметтерді жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады.
    Әкімнің аппараты өз қызметін Конституцияға және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, басқа да нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы әкімнің аппараты туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
    Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысанында заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тілде өз атауларымен мөр және мөр табандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, қазынашылық органында шоты бар.
    Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қарым-қатынасқа енеді.
    Әкімнің аппараты заңнамаға сәйкес мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынас жағынан сөз сөйлеуге құқылы.
    Ақкөл ауылының әкімінің аппараты туралы Ереже, оның құрылымдары аудан әкімімен бекітіледі.
    Заңды тұлғаның мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Ақкөл ауылы, Сағадиев көшесі, ғимарат 1, пошта индексі 110600.
    «Жангелдин ауданы Ақкөл ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі жұмыс уақытының ұзақтығы күн сайын сағат 9.00-ден сағат 18.30-ға дейін.
    «Жангелдин ауданы ауданы Ақкөл ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімімен құрылады, таратылады және қайта құрылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    Ақкөл ауылы әкімі аппаратының халықпен жұмыс істеу бағыты

    Ақкөл ауылыәкімі аппаратының халықпен жұмыс істеу бағыты Ақкөл ауылыәкімінің аппараты азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын уақытылы қарау мақсатында халықпен тұрақты түрде кері байланыс орнатады. Негізгі жұмыс бағыттары: Жеке қабылдау: Ауылдыңәкімі бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша тұрақты қабылдайды. е-Өтініш жүйесі: Тұрғындардан келіп түскен барлық ресми өтініштер, арыздар мен ұсыныстар «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы заңнамада белгіленген мерзімде қаралады. Халықпен кездесулер: Ауыл тұрғындарының мұқтаждықтары мен өзекті мәселелерін анықтау мақсатында әкімнің халықпен есептік және ағымдағы кездесулері өткізіліп тұрады.

    Жарияланды:
    Жоспар

    Ақкөл ауылы әкімі аппаратының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары

    Ақкөл ауылының әкімінің «5» қаңтар 2026 жылғы №1 өкіміне 1-қосымша. «ЖАНГЕЛДИН АУДАНЫНЫҢ АҚКӨЛ АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ. № Атқарылатын жұмыстар Уақыты Жауапты I. АУЫЛ ӘКІМІНІҢ ЖАЛПЫ ЖҰМЫСТАРЫ 1 Ауыл әкімінің өткен жылдың қортындылары мен алдағы жылдың міндеттері туралы есебі. Қаңтар Ауыл әкімі. 2 Мектеп оқушыларының ҰБТ-ға, МАБ-қа дайындығын бақылау және осы салада атқарылған жұмыстармен танысып, білім сапасын бақылауда ұстау. Үнемі Ауыл әкімі, мектеп директоры 3 Ауылдың ауылшаруашылығы малдарын бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу. Ақпан Қазан Мал дәрігері 4 Әскер қатарына жасы жеткен әскери міндетті жастарды ауданға әскери комиссариятқа тіркеу, көктемгі, күзгі медициналық бақылаудан өткізу жұмыстарын қамтамасыз ету. наурыз Қазан Бас маман, АӘД пәні мұғалімі 5 Көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын жүргізіп, тасқын апаттардың алдын алу және кезекшілер құру шараларын және шабындық жерлерге су шығару жұмыстарын ұйымдастырып жүргізу. наурыз Сәуір Ауыл әкімі, ауыл халқы, Ж.Ш.Қ. жетекшілері 6 Көктемгі ауыл тұрғындарының және жеке шаруа қожалықтарының малдарын жұқпалы ауруларға қарсы алдын-ала емдеу, сауықтыру шараларын жүргізу. Наурыз Қазан Мал дәрігері, мал мамандары 7 Сыбайлас жемқорлыққа байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу,мемлекеттік қызметшілер мен мектеп ұжымдарымен семинарлар дөңгелек столдар өткізу. Тоқсан сайын Ауыл әкімі, мектеп ұжымы 8 «Қыс - 2026» аудандық қысқы спорт түрлерінен спартакиада Ақпан Ауыл спорт әдістемешісі 9 Ауыл тұрғындарының жеке үйлерінің сыртын ақтап, сырлау және қоршау шарбақтарын қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру. үнемі Ауыл әкімі, көше басшылары, Ауыл тұрғындары 10 Көше тазалықтарына байланысты сенбіліктер ұйымдастыру. үнемі Ауыл әкімі, көше басшылары, Мектеп ұжымы 11 Ауыл сыртындағы қалдық төгетін және өлексе тастайтын орынды бақылауға алу, маңайын тазалау жұмыстарын жүргізу. Сәуір Қазан Ауыл әкімі, мал мамандары 12 Ауылдағы санитарлық тазалыққа байланысты күл-қоқыстар мен малдан шыққан боқаттарды шығару жұмыстарын ұйымдастыру.Тазалық айлығын өткізу. Сәуір мамыр Ауыл әкімі, ауыл тұрғындары 13 22 наурыз - «Ұлыстың Ұлы күні» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлері бойынша іс-шаралар Наурыз айы Ауыл әкімі, ауыл тұрғындары Ауыл спорт әдістемешісі 14 Мереке күндері қарсаңында күшейтілген кезекшілік кестесін құрып, мектептің жылу жүйелерін, ауыл тыңыштығын бақылауға алу. Кестеге сәйкес Бас маман, жергілікті учаскелік өкіл 15 Ауыл тұрғындарының мерзімдік баспа сөзге жазылу жұмыстарын ұйымдастыру. Мамыр-маусым Қараша-желтоқсан Ауыл әкімі, мектеп директоры,Қазпочта қызметкері 16 Ауыл тұрғындарын флюрографиялық тексеруден өткізуді қамтамасыз ету. Жыл ішінде МП меңгерушісі 17 Күл-қоқыстар, малдан шыққан қалдықтар мен боқаттарды, өлекселерді белгіленген жерлерге апарып төгу, өртеу жұмыстары және оған бақылау жасау Жыл бойы Мал мамандары, тазалық комиссиясы, көше басшылары 18 Көгалдандыру, ағаш, гүл тұқымдарын отырғызу жұмыстарын жүргізу. Сәуір-мамыр Ауыл әкімі,мекеме қызметкерлері 19 9 мамыр – «Ұлы Жеңіс күні» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен жарыстар 9 мамыр Ауыл әкімі, мектеп директоры, ауыл тұрғындары, ауыл спорт әдістемешісі 20 Ауыл әкімінің 2026 жылдың жартыжылдық қортындылары мен міндеттері туралы есебі. шілде Ауыл әкімі 21 Ауыл тұрғындарымен жеке шаруа қожалықтарының әр түрлі салық төлемдерін уақытында төлеуіне ықпал жасау. Жыл бойы Бас маман 22 Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру, ауыл әкімінің басылығымен дөңғелек стол және бақылау сағаттары өткізу. наурыз, тамыз Ауыл әкімі, Бас маман 23 Ауыл бойынша аула мен адам санын, мал санының есебін қорытындылау. Аудандық статистика боліміне тапсыру жұмыстарын жүргізу. Маусым, желтоқсан Бас маман 24 Әр сала бойынша 2026 жылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылау. Желтоқсан Әр сала басшылары II.МӘДЕНИ КӨПШІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ 1 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мерекелік іс-шара өткізу. 6-8 Наурыз Клуб, кітіпхана меңгерушілері, мектеп ұжымы 2 Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Әз наурыз – қош келдің» атты мерекелік іс-шара өткізу. 20-22 Наурыз Клуб, кітапхана меңгерушілері 3 1 Мамыр Қазақстан халқының ынтымақтастық күніне арналған мерекелік концерт өткізу. 1 Мамыр Клуб, кітіпхана меңгерушілері, мектеп ұжымы 4 9 Мамыр «Ұлы Жеңіс күні» мерекесіне ауыл көркем өнерпаздпрының концерттік бағдарламасы. «Мәңгілік алау» саябағына гүл шоқтарын қою. 8-9 Мамыр Клуб, кітіпхана меңгерушілері, мектеп ұжымы 5 31 мамыр «Қуғын-сүргін жылдарында» зардап шеккен құрбан болғандарды еске алуды ұйымдастыру. 29-30 Мамыр Ауыл имамы, ауыл тұрғындары 6 1 Маусым балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өткізу. 1 Маусым Клуб, кітіпхана меңгерушілері 7 1 – Қыркүйек білім күніне байланысты іс-шаралар 1 қыркүйек мектеп ұжымы 8 1Қазан – «Қарттар күніне» арналған мерекелік іс-шара өткізу. Қарттарға қонақасын беру және көңіл сергіту спорттық ойындар. 1 Қазан Ауыл әкімі, бас маман, клуб меңгерушісі 9 25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар 25 Қазан Барлық салы қызметкерлері 10 «Тәуелсіздік күніне» арналған арнайы іс-шаралар: - Салтанатты жиналыс; - Мәдени, спорттық шаралар. 15-18 желтоқсан Әкімшілік, мектеп ұжымы, кітапхана, мәдени ұйымдастырушы 11 2027 Жаңа жылын қарсалуға арналған жасыл шырша маңында өткізілетін мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру. 28-31 желтоқсан Клуб меңгерушісі, мектеп ұжымы III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ 1 Ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу Жылына 2 рет Жергілікті қоғамдастық, әкімшілік, ауыл тұрғындары 2 Жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарының жылдық жұмысының қорытындысы. желтоқсан Жергілікті қоғамдастық, әкімшілік, ауыл тұрғындары IV. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ 1 2026жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы халықтың алдында есеп беру жиналысын өткізу. Жыл соңында Ауыл әкімі 2 ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдауында айтылған басым бағыттар туралы. Ақпан Ауыл әкімі 3 Тазалық айлықтарын өткізу, көше тазалықтарына байланысты сенбіліктер ұйымдастыру туралы. Мамыр-қараша Ауыл әкімі, ауыл тұрғындары 4 Ауыл бойынша ауыл тұрғындарының мал азығын дайындау, қысқы отын-сумен қамтамасыз етілуі, қысқа дайындығы туралы. Қыркүйек-қазан Ауыл әкімі, бас маман

    Жарияланды: