Ақкөл ауылының әкімінің
«5» қаңтар 2026 жылғы
№1 өкіміне 1-қосымша.
«ЖАНГЕЛДИН АУДАНЫНЫҢ АҚКӨЛ АУЫЛЫ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖҰМЫС
ЖОСПАРЫ.
№ |
Атқарылатын жұмыстар |
Уақыты |
Жауапты |
I. АУЫЛ ӘКІМІНІҢ ЖАЛПЫ ЖҰМЫСТАРЫ | |||
1 |
Ауыл әкімінің өткен жылдың қортындылары мен алдағы жылдың міндеттері туралы есебі. |
Қаңтар |
Ауыл әкімі. |
2 |
Мектеп оқушыларының ҰБТ-ға, МАБ-қа дайындығын бақылау және осы салада атқарылған жұмыстармен танысып, білім сапасын бақылауда ұстау. |
Үнемі |
Ауыл әкімі, мектеп директоры |
3 |
Ауылдың ауылшаруашылығы малдарын бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу. |
Ақпан Қазан |
Мал дәрігері |
4 |
Әскер қатарына жасы жеткен әскери міндетті жастарды ауданға әскери комиссариятқа тіркеу, көктемгі, күзгі медициналық бақылаудан өткізу жұмыстарын қамтамасыз ету. |
наурыз Қазан |
Бас маман, АӘД пәні мұғалімі |
5 |
Көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстарын жүргізіп, тасқын апаттардың алдын алу және кезекшілер құру шараларын және шабындық жерлерге су шығару жұмыстарын ұйымдастырып жүргізу. |
наурыз Сәуір |
Ауыл әкімі, ауыл халқы, Ж.Ш.Қ. жетекшілері |
6 |
Көктемгі ауыл тұрғындарының және жеке шаруа қожалықтарының малдарын жұқпалы ауруларға қарсы алдын-ала емдеу, сауықтыру шараларын жүргізу. |
Наурыз Қазан |
Мал дәрігері, мал мамандары |
7 |
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізу,мемлекеттік қызметшілер мен мектеп ұжымдарымен семинарлар дөңгелек столдар өткізу. |
Тоқсан сайын |
Ауыл әкімі, мектеп ұжымы |
8 |
«Қыс - 2026» аудандық қысқы спорт түрлерінен спартакиада |
Ақпан |
Ауыл спорт әдістемешісі |
9 |
Ауыл тұрғындарының жеке үйлерінің сыртын ақтап, сырлау және қоршау шарбақтарын қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру. |
үнемі |
Ауыл әкімі, көше басшылары, Ауыл тұрғындары |
10 |
Көше тазалықтарына байланысты сенбіліктер ұйымдастыру. |
үнемі |
Ауыл әкімі, көше басшылары, Мектеп ұжымы |
11 |
Ауыл сыртындағы қалдық төгетін және өлексе тастайтын орынды бақылауға алу, маңайын тазалау жұмыстарын жүргізу. |
Сәуір Қазан |
Ауыл әкімі, мал мамандары |
12 |
Ауылдағы санитарлық тазалыққа байланысты күл-қоқыстар мен малдан шыққан боқаттарды шығару жұмыстарын ұйымдастыру.Тазалық айлығын өткізу. |
Сәуір мамыр |
Ауыл әкімі, ауыл тұрғындары |
13 |
22 наурыз - «Ұлыстың Ұлы күні» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлері бойынша іс-шаралар |
Наурыз айы |
Ауыл әкімі, ауыл тұрғындары Ауыл спорт әдістемешісі |
14 |
Мереке күндері қарсаңында күшейтілген кезекшілік кестесін құрып, мектептің жылу жүйелерін, ауыл тыңыштығын бақылауға алу. |
Кестеге сәйкес |
Бас маман, жергілікті учаскелік өкіл |
15 |
Ауыл тұрғындарының мерзімдік баспа сөзге жазылу жұмыстарын ұйымдастыру. |
Мамыр-маусым Қараша-желтоқсан |
Ауыл әкімі, мектеп директоры,Қазпочта қызметкері |
16 |
Ауыл тұрғындарын флюрографиялық тексеруден өткізуді қамтамасыз ету. |
Жыл ішінде |
МП меңгерушісі |
17 |
Күл-қоқыстар, малдан шыққан қалдықтар мен боқаттарды, өлекселерді белгіленген жерлерге апарып төгу, өртеу жұмыстары және оған бақылау жасау |
Жыл бойы |
Мал мамандары, тазалық комиссиясы, көше басшылары |
18 |
Көгалдандыру, ағаш, гүл тұқымдарын отырғызу жұмыстарын жүргізу. |
Сәуір-мамыр |
Ауыл әкімі,мекеме қызметкерлері |
|
19 |
9 мамыр – «Ұлы Жеңіс күні» мерекесіне арналған ұлттық спорт түрлерінен жарыстар |
9 мамыр |
Ауыл әкімі, мектеп директоры, ауыл тұрғындары, ауыл спорт әдістемешісі |
20 |
Ауыл әкімінің 2026 жылдың жартыжылдық қортындылары мен міндеттері туралы есебі. |
шілде |
Ауыл әкімі |
21 |
Ауыл тұрғындарымен жеке шаруа қожалықтарының әр түрлі салық төлемдерін уақытында төлеуіне ықпал жасау. |
Жыл бойы |
Бас маман |
22 |
Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру, ауыл әкімінің басылығымен дөңғелек стол және бақылау сағаттары өткізу. |
наурыз, тамыз |
Ауыл әкімі, Бас маман |
23 |
Ауыл бойынша аула мен адам санын, мал санының есебін қорытындылау. Аудандық статистика боліміне тапсыру жұмыстарын жүргізу. |
Маусым, желтоқсан |
Бас маман |
24 |
Әр сала бойынша 2026 жылғы атқарылған жұмыстарды қорытындылау. |
Желтоқсан |
Әр сала басшылары |
II.МӘДЕНИ КӨПШІЛІК ЖҰМЫСТАРЫ | |||
1 |
8 Наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мерекелік іс-шара өткізу. |
6-8 Наурыз |
Клуб, кітіпхана меңгерушілері, мектеп ұжымы |
2 |
Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Әз наурыз – қош келдің» атты мерекелік іс-шара өткізу. |
20-22 Наурыз |
Клуб, кітапхана меңгерушілері |
3 |
1 Мамыр Қазақстан халқының ынтымақтастық күніне арналған мерекелік концерт өткізу. |
1 Мамыр |
Клуб, кітіпхана меңгерушілері, мектеп ұжымы |
4 |
9 Мамыр «Ұлы Жеңіс күні» мерекесіне ауыл көркем өнерпаздпрының концерттік бағдарламасы. «Мәңгілік алау» саябағына гүл шоқтарын қою. |
8-9 Мамыр |
Клуб, кітіпхана меңгерушілері, мектеп ұжымы |
5 |
31 мамыр «Қуғын-сүргін жылдарында» зардап шеккен құрбан болғандарды еске алуды ұйымдастыру. |
29-30 Мамыр |
Ауыл имамы, ауыл тұрғындары |
6 |
1 Маусым балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өткізу. |
1 Маусым |
Клуб, кітіпхана меңгерушілері |
7 |
1 – Қыркүйек білім күніне байланысты іс-шаралар |
1 қыркүйек |
мектеп ұжымы |
8 |
1Қазан – «Қарттар күніне» арналған мерекелік іс-шара өткізу. Қарттарға қонақасын беру және көңіл сергіту спорттық ойындар. |
1 Қазан |
Ауыл әкімі, бас маман, клуб меңгерушісі |
9 |
25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік іс-шаралар |
25 Қазан |
Барлық салы қызметкерлері |
10 |
«Тәуелсіздік күніне» арналған арнайы іс-шаралар: - Салтанатты жиналыс; - Мәдени, спорттық шаралар. |
15-18 желтоқсан |
Әкімшілік, мектеп ұжымы, кітапхана, мәдени ұйымдастырушы |
11 |
2027 Жаңа жылын қарсалуға арналған жасыл шырша маңында өткізілетін мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру. |
28-31 желтоқсан |
Клуб меңгерушісі, мектеп ұжымы |
III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ | |||
1 |
Ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу |
Жылына 2 рет |
Жергілікті қоғамдастық, әкімшілік, ауыл тұрғындары |
2 |
Жергілікті қоғамдастық бөлек жиындарының жылдық жұмысының қорытындысы. |
желтоқсан |
Жергілікті қоғамдастық, әкімшілік, ауыл тұрғындары |
IV. АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫСЫ | |||
1 |
2026жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы халықтың алдында есеп беру жиналысын өткізу. |
Жыл соңында |
Ауыл әкімі |
2 |
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа жолдауында айтылған басым бағыттар туралы. |
Ақпан |
Ауыл әкімі |
3 |
Тазалық айлықтарын өткізу, көше тазалықтарына байланысты сенбіліктер ұйымдастыру туралы. |
Мамыр-қараша |
Ауыл әкімі, ауыл тұрғындары |
4 |
Ауыл бойынша ауыл тұрғындарының мал азығын дайындау, қысқы отын-сумен қамтамасыз етілуі, қысқа дайындығы туралы. |
Қыркүйек-қазан |
Ауыл әкімі, бас маман |