Ақкөл ауылыәкімі аппаратының халықпен жұмыс істеу бағыты
Ақкөл ауылыәкімінің аппараты азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын уақытылы қарау мақсатында халықпен тұрақты түрде кері байланыс орнатады.
Негізгі жұмыс бағыттары:
- Жеке қабылдау: Ауылдыңәкімі бекітілген кестеге сәйкес азаматтарды жеке мәселелері бойынша тұрақты қабылдайды.
- е-Өтініш жүйесі: Тұрғындардан келіп түскен барлық ресми өтініштер, арыздар мен ұсыныстар «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы заңнамада белгіленген мерзімде қаралады.
- Халықпен кездесулер: Ауыл тұрғындарының мұқтаждықтары мен өзекті мәселелерін анықтау мақсатында әкімнің халықпен есептік және ағымдағы кездесулері өткізіліп тұрады.