2026 жылғы 14 қазанда Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асырылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.
Отырысқа Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының, денсаулық сақтау басқармасының, сондай-ақ мемлекеттік аудитпен қамтылған медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған ұлттық жобаның іске асырылу тиімділігі мәселелері қаралды.
Мемлекеттік аудиттің қорытындылары бойынша Тексеру комиссиясы бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға, денсаулық сақтау саласындағы басқару жүйесін жетілдіруге, медициналық жабдықтарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге, кадр тапшылығын азайтуға және ауыл тұрғындары үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған нақты ұсынымдар әзірледі.
Мемлекеттік аудит объектілеріне аудиторлық қорытынды мен нұсқамалар, сондай-ақ қаралған саладағы қызметті жетілдіруге және басқару тиімділігін арттыруға бағытталған ұсынымдар жолданды.




