Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясында семинар-кеңес өтті.

    2026 жылғы 10 қыркүйекте Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2026 жылғы 19 қаңтардағы № 8 бұйрығымен бекітілген Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 2.2 және 2.5-тармақтарын іске асыру шеңберінде семинар-кеңес өтті.

    Заңнаманың өзекті ережелерін түсіндіру мақсатында Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Сейтмағанбетова Ж.Т. және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Құсайынов А.А.-ны шақырды.

    Семинар-кеңеске Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Мемлекеттік аудит объектілерінде жүрген Тексеру комиссиясының қызметкерлері іс-шараға WhatsApp мессенджері арқылы бейнебайланыс көмегімен онлайн форматта қатысты.

    Іс-шара барысында қаралған негізгі бағыттар:

    📌 Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері;

    📌 Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының ережелері;

    📌 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының ережелері, оның ішінде:

    ✅ сервистік бағдар, клиентке бағдарлану, азаматтардың өтініштерін сапалы қарау, HR-трансформация;

    ✅ Бірыңғай цифрлық кадр жүйесі, конкурстық рәсімдер, олардың кезеңдері мен талаптары, ұзақ мерзімді лауазымдарға конкурс жариялауды автоматтандыру;

    ✅ мемлекеттік қызметке конкурстан тыс кіру тетіктері: жоғары оқу орындары мен Мемлекеттік басқару академиясының түлектері, Өңірлік және Президенттік жастар кадр резервтерінің мүшелері және басқа да санаттар;

    ✅ Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметке және құқық қорғау органдарына түсуге арналған тестілеу бағдарламаларына өзгерістер енгізу;

    ✅ мемлекеттік қызметке түсуге даярлау институты: мақсаттары, міндеттері мен мүмкіндіктері;

    ✅ мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға және әлеуметтік қорғалуын арттыруға бағытталған жаңашылдықтар;

    ✅ үстеме жұмыс үшін қосымша төлемдер, ротациялық төлемдер, отбасылық жағдайларға және еңбек өтіліне байланысты қосымша демалыс күндері және басқа да әлеуметтік кепілдіктер;

    ✅ лауазымдық деңгей институтын енгізу, бағалау, аттестаттау мәселелері және басқа да өзгерістер, сондай-ақ кадр қызметінің рөлін жаңарту.

    Семинар-кеңес қорытындысы бойынша пікір алмасу өтті. Қатысушылар қойылған барлық сұрақтарға толық әрі жан-жақты жауап алды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы" жаңалықтары