2026 жылғы 4 қарашада Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында Шортанды ауданында жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.

    2026 жылғы 4 қарашада Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысында салықтық әкімшілендірудің тиімділігіне, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылы түсуіне, облыстың даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалауға, сондай-ақ Шортанды ауданына бөлінген бюджет қаражатының (активтердің) пайдаланылуына жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындылары қаралды.

    Отырыс жұмысына мемлекеттік аудитпен қамтылған объектілердің басшылары қатысты.

    Мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы мемлекеттік аудит объектілері қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған сындарлы ұсынымдар әзірледі. Ұсынылған шараларды іске асыру бюджет процестерінің ашықтығын арттыруға, қаржылық басқаруды нығайтуға және мемлекеттік аудит объектілері жұмысының сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

    Мемлекеттік аудит объектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға аудиторлық қорытынды, анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, сондай-ақ қаралған саладағы басқару жүйесін жетілдіруге және оның сапасын арттыруға бағытталған ұсынымдар жолданды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы" жаңалықтары