2026 жылғы 04 қарашада сағат 11:00-де Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтеді, онда салықтық әкімшілендірудің, жергілікті бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығының, облыстың даму жоспары мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалаудың, сондай-ақ Шортанды ауданына бөлінген бюджет қаражатын (активтерін) пайдаланудың мемлекеттік тиімділік аудитінің қорытындылары қаралады.
Өтетін орны: Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі 1Б, 327 кабинет (мәжіліс залы).
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.



