1 / 5
Кездесу барысында кент әкімі 2026 жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады.
Су және жылумен жабдықтау, қоғамдық аумақтарды абаттандыру және жол инфрақұрылымының жай-күйіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізілді. Тұрғындардың өтініштері жұмысқа қабылданып, жауапты қызметтермен бірлесіп пысықталатын болады.
Тұрғындармен ашық диалог проблемалық мәселелерді уақтылы анықтауға және кентті одан әрі дамытудың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік береді.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









