1 / 2
Егінді ауылының көп балалы анасы – Данагүл Темірханқызы «Күміс алқа» иегері атанды!
Республика күні қарсаңында Егінді ауылында үлкен қуанышты оқиға орын алды. 6 перзентті өмірге әкеліп, аялап тәрбиелеп отырған асыл анамыз Қырбасова Данагүл Темірханқызы жоғары мемлекеттік награда — «Күміс алқа» төсбелгісімен марапатталды!
Ардақты анамызға мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасына амандық тілейміз! Алты перзентінің қызығы мен қуанышына кенеліп, мақтан тұтар азаматтар болып өсуін көруді жазсын. Шаңырағыңыздан береке, жүрегіңізден жылулық кетпесін!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








