«Білімді мемлекеттік қызметші – ел болашағының тірегі!» атты көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты: Мемлекеттік қызметшілер арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, олардың кәсіби білімін жетілдіруге, ой-өрісін кеңейтуге және тұлғалық дамуына ықпал ету. Кітап арқылы білімді, білікті, жаңашыл әрі рухани бай мемлекеттік қызметші қалыптастыруға қолдау көрсету, үздіксіз білім алуға деген қызығушылығын арттыру.
Кітап оқу мәдениетін насихаттау және зияткерлік ұлт қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Оқырман мемлекеттік қызметші: білім, даму, жетістік» атты кітап көрмесінде мемлекеттік қызметшілердің кәсіби дамуына, көшбасшылық қабілетін жетілдіруге, құқықтық сауаттылығын арттыруға және жеке тұлғалық өсуіне бағытталған әдебиеттер ұсынылады.
. Кітап көрмесі мемлекеттік қызметшілерді кітап оқуға ынталандырып, білімін жетілдіруге, жаңа идеялар мен тың бастамаларға ұмтылуға бағытталған. Өйткені білімді, ізденімпаз әрі кітап оқитын мемлекеттік қызметші – сапалы қызмет пен ел дамуының кепілі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









