Еңбек күні – еңбегі еленген күн!
Егінді ауыл әкімінің аппаратынан зейнетке шыққан ардагер әріптестерімізге құрмет көрсетілді.
Жылдар бойы адал еңбек етіп, Егінді ауылының дамуына өз үлестерін қосқан ардагерлерге ауыл әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Құрметті қонақтарға арнап дастархан жайылып, жылы жүздесу мен естеліктерге толы кездесу ұйымдастырылды.
Еңбек жолында ел игілігі үшін қызмет еткен ардагерлерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз! Еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









