Шахтинск қаласының әкімдігі

    Жалпы ақпарат

    «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Шахтинск қаласы әкiмнiң және әкімдігінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Шахан кентінің тұрғындарының назарына!

    Сіздерді 2026 жылғы 10 қыркүйегінде «Шахан ауылы әкімінің аппараты» ММ-де өтетін «Қызмет алушы күні» іс-шарасына қатысуға шақырамыз! Іс-шара барысында келушілер әлеуметтік қамсыздандыру және жер қатынастары салаларындағы мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша кеңестер ала алады. Өткізілетін орны: Шахан кенті, Шаханская көшесі, 11 Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Шахтинск қаласы әкімінің аппараты.

    10 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Шахтинск қаласын, Шахан, Долинка, Новодолинский кенттері тұрғындарының назарына!

    Сіздерді 2026 жылғы 28 тамызда «Шахтинск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-де өтетін «Қызмет алушы күні» іс-шарасына қатысуға шақырамыз! Іс-шара барысында келушілер сәулет және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер мәселелері бойынша кеңестер ала алады. Өткізілетін орны: Шахтинск қаласы, Қазақстандық көшесі, 101-үй Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Шахтинск қаласы әкімінің аппараты.

    28 тамыз 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Коммерциялық мақсатта жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына сәйкес мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалға алу құқығын беру сауда-саттықта (аукциондарда) жүзеге асырылады. Сатуға арналған жер учаскесі сауда-саттыққа (аукционға): - жер учаскесінің шекараларын анықтағаннан кейін; - жер учаскесінің нысаналы мақсатын және оның кадастрлық (бағалау) құнын айқындағаннан кейін; - Сауда-саттықты (аукциондарды)өткізу туралы шешім қабылдағаннан кейін; - Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізу туралы хабарлама жариялағаннан кейін шығарылады. Жергілікті атқарушы орган жер учаскесін немесе жер учаскесін жалға беру құқығын сатушы ретінде әрекет етеді. Жер учаскелерін сату бойынша сауда-саттық (аукциондар) немесе жер учаскелерін жалға алу құқығы орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен Мемлекеттік мүлік тізілімінің сауда-саттықтары мен аукциондарын өткізуге арнлаған электрондық алаңда электрондық форматта өткізіледі. Хабарлама жарияланған күннен бастап Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында конкурсқа қатысуға өтінім беру арқылы коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскесін алу мүмкіндігі бар.

    ·
    Сұрақ

    «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша өтініш неше күн бойы қаралады?

    Жауап

    «Жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтініш 10 жұмыс күні қаралады. Қызмет қағаз жеткізгіште көрсетіледі. Ол үшін меншік иесі сәйкестендіру құжатының көшірмесін (жер учаскесін уақытша өтеулі (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді) жер пайдалану (жалға алу) құқығына актіні не жер-кадастрлық жоспарды) және жер учаскесін уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалға алу) жасалған шарттың көшірмесін қоса бере отырып, белгіленген үлгідегі өтініш жазуы қажет. Бұл мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі - әкімдіктің қаулысы және жер учаскесін жалға алу шартын жасау болып табылады.

    ·
    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    Жер учаскесін алу үшін электрондық үкімет порталында өтініш беру қажет eGov.kz. «Жылжымайтын мүлік» бөлімі – «жер қатынастары»,»жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін қарау немесе кезекке қою (10 соток)» қызметі. Әрі қарай, өтініш түрін таңдау керек. Бүгінгі таңда өтініштің үш түрі бар: кезекке қою; деректерді өзектендіру; кезектен шығару. Егер Сіз учаске алу үшін бірінші рет кезекке тұрсаңыз, онда Сіз учаскені қай жерден алғыңыз келеді сол аймақты таңдауыңыз керек. Егер Сіз алдында кезекке тұрғаныңызға сенімді болсаңыз, бірақ өзіңіз туралы ақпарат таба алмасаңыз, онда Сіз «мәліметтерді жаңарту» деген өтініш түрін таңдауыңыз керек. Өз кезегін растау үшін кезекте тұрғандыңызыды растайтын құжатты (талонның сканер нұсқасы, өтініштің, жеке куәліктің көшірмесі және т.б.) жүктеу қажет. Сондай-ақ, Сіз ЭЦҚ авторизациялау арқылы өз кезегіңізді https://map.gov4c.kz/egkn/сайты арқылы бақылай аласыз. Жеке тұрғын үй құрылысына беруге арналған алаңдарды дайындау туралы ақпарат және кезекте тұрғандар тілік тізімі ашық ақпарат және бұл ақпарат әкімдіктердің веб-сайттарында және (немесе) жергілікті БАҚ-та жарияланады.

    ·
    Сұрақ

    Заңдастырылмаған ғимараттар бар, оларды заңдастыруға рұқсат алу үшін неден бастау керек. Cәулет жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) дегеніміз не?

    Жауап

    Рұқсат беру үшін мемлекеттік қала құрылысы кадастры (МҚК) жүйесі арқылы электрондық түрде ұсынылатын «құрылыс жобаларын (жеке тұлға) әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызметін алу қажет. Қызмет: - «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына; - Уәкілетті орган бекіткен құрылыс саласында құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсімдерінен өту қағидаларына; - Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетіледі. Сәулет-жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) — жоспарланған құрылыс немесе қайта құру объектісінің орналасуына, параметрлеріне және архитектуралық шешіміне қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын құжат. Қажетті құжаттар: - мәлімдеме; - мүлікке және (немесе) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттар. Қызмет көрсету мерзімі құжаттардың толық топтамасы берілген күннен бастап 10 жұмыс күніне дейін. Қызмет тегін көрсетіледі. Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» электрондық құжат нысанында жібереді.

    ·
    Сұрақ

    Менде үй салуға арналған жер учаскесі болды, менің үйіме мекенжай беру керек. Маған қандай құжаттар керек және мекенжайды қалай алуға болады?

    Жауап

    «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік қызметі электрондық үкімет порталы немесе ХҚКО арқылы мүлікке (тұрғын үйге) өтініш пен құжаттарды қоса бере отырып, электрондық түрде ұсынылады. Жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру/жою мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: - «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» мемлекеттік қызметіне өтініштер қабылдау; - Объектінің орналасқан жеріне бара отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру үшін фотофиксациямен тексеру актісін жасау; - Бұйрық қалыптастырылады және «Мекенжай тіркелімі» АЖ деректер енгізіледі; - Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызмет нәтижесін жолдайды. «Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою» қызметіне өтінішті қараудың жалпы мерзімі Астана қаласы, республикалық және облыстық маңызы бар қалалар үшін 3 (үш) жұмыс күнін және аудандар үшін 5 (бес) жұмыс күнін құрайды. Жылжымайтын мүлік объектісіне – тұрғын үйге тұрақты мекенжай беріледі.

    ·
    Сұрақ

    Есту аппаратын жоғалттым, егер пайдалану мерзімі аяқталмаған болса, жұмыспен қамту бөліміне жаңа есту аппаратын алуға жүгіне аламын ба?

    Жауап

    Есту аппаратымен мерзімінен бұрын қамтамасыз ету туралы шешімді қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімдері: 1) есту қабілеті нашарлаған және есту аппаратының басқа түрімен есту қабілетін түзету қажет болған кезде; 2) есту аппараты ұрланған немесе жоғалған кезде тиісті құжаттардың негізінде қабылдайды. Есту аппараты ұрланған кезде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарынан анықтама ұсынылады.

    ·
    Ақпарат

    Дауыс беру учаскесін қалай табуға болады?

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Шахтинск қаласының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

    Шахтинск қаласының аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Шахтинск қаласының аумақтық сайлау комиссиясының учаскелік сайлау комиссияларының құрамына енгізілген өзгерістер туралы хабарламасы

    Шахтинск қаласының аумақтық сайлау комиссиясының учаскелік сайлау комиссияларының құрамына енгізілген өзгерістер туралы хабарламасы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 4 тамыздағы жағдайы бойынша «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ бос лауазымдар туралы ақпарат

    2026 жылғы 4 тамыздағы жағдайы бойынша «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ бос лауазымдар туралы ақпарат

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 13 шілдедегі жағдайы бойынша «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ бос лауазымдар туралы ақпарат

    2026 жылғы 13 шілдедегі жағдайы бойынша «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ бос лауазымдар туралы ақпарат

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Электрондық портал және атаулы әлеуметтік көмек»

    «Электрондық портал және атаулы әлеуметтік көмек»

    Жарияланды: