Есту аппаратын жоғалттым, егер пайдалану мерзімі аяқталмаған болса, жұмыспен қамту бөліміне жаңа есту аппаратын алуға жүгіне аламын ба?
Есту аппаратымен мерзімінен бұрын қамтамасыз ету туралы шешімді қалалық басқарма, жұмыспен қамту бөлімдері:
1) есту қабілеті нашарлаған және есту аппаратының басқа түрімен есту қабілетін түзету қажет болған кезде;
2) есту аппараты ұрланған немесе жоғалған кезде тиісті құжаттардың негізінде қабылдайды. Есту аппараты ұрланған кезде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарынан анықтама ұсынылады.