Шахтинск қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған басым бағыттарды талқылауға арналған қалалық актив отырысы болып өтті.
Отырыс барысында қаланың дамуы мен тұрғындардың әл-ауқатына тікелей әсер ететін өзекті мәселелерге баса назар аударылды. Қатысушылар үш негізгі бағытты:
— Кәсіпкерлікті дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу және экономикалық өсім мүмкіндіктерін кеңейту.
— Коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, абаттандыру жұмыстарын жүргізу және қалалық ортаның сапасын арттыру.
— Білім беру жүйесін жетілдіру, жас кадрларды кәсіби даярлау және өскелең ұрпақ тәрбиесіне көңіл бөлуді талқылады.
Отырыс қорытындысы бойынша әкім орынбасарларына, кенттердің әкімдеріне және бейінді бөлім басшыларына көтерілген мәселелерді одан әрі пысықтау бойынша нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар Жолдаудың негізгі бағыттарын тұрғындар арасында түсіндіру және жұмыс басымдықтарын айқындау кезінде тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын ескеру қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Басты мақсат – айтылған мәселелерді талқылаумен шектеліп қана қоймай, оларды нақты шешімдер мен жүйелі іс-қимылдарға айналдыру болып табылады. Өйткені атқарылған жұмыстың нәтижесі ең алдымен Шахтинск тұрғындарының өмір сүру сапасынан көрініс табуы тиіс.
Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









