Шахтинск қаласы әкімдігінде жаңа кадрлық тағайындау

    1 / 2

    «Шахтинск қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болып Болеген Нурболат тағайындалды.
    «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Құқықтану» және «Мемлекеттік саясат» мамандықтары бойынша жоғары білімі бар.
    2025 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған.
    Жалпы еңбек өтілі – 17 жыл 7 ай.
    Еңбек жолын 2008 жылы Балқаш қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде бастаған.
    Кейін бас маман, сектор меңгерушісі және бөлім басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған.

    2026 жылы Балқаш қаласы мәслихаты аппаратының басшысы қызметін атқарып, кейін Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеген.
    2026 жылғы 2 қарашадан бастап Шахтинск қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлім басшысы қызметіне кірісті.
    Нурболат Болегенге қызметіне табыс, алға қойған жоспарларының жүзеге асуын және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!


    Шахтинск қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шахтинск қаласының әкімдігі" жаңалықтары