Әкімінің орынбасары
Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары
Сержан Елеубекович Капаев, 1989 жылғы 8 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Айнабұлақ кентінде дүниеге келген. 2010 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітіріп, жоғары білім алды. 2012 жылы «Болашақ» Қарағанды университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады. 2020 жылы «Болашақ» академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады. 2025 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Экономика» мамандығы бойынша аяқтап магистр атанды.