
Ивашевский Андрей Владимирович
Бөлім басшысы
Өмірбаян
Ивашевский Андрей Владимирович, 1981 жылы 26 ақпанда Қарағанды облысының Шахтинск қаласында дүниеге келген.
2001 жылы Мәскеу қаласындағы заманауи Гуманитарлық институтты «Құқық» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2002 жылы «Суарна» ШК заң кеңесшісі болып бастады.
2004 жылы «Қарулесбыт» ЖШС-де заң кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2004 жылдан 2005 жылға дейін «Шахтинск ЖЭО» ЖШС заң кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2005 жылдың шілдесінде «Айрон Шик Корпорейтед» ЖШС заң кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
2005 жылдан 2006 жылға дейін «Шалқар» ЖШС-де заң кеңесшісі болды.
2006 жылдан 2008 жылға дейінгі кезеңде «Шахтинск ЖЭО» ЖШС заң кеңесшісі болып жұмыс істеді.
2008 жылдан 2009 жылға дейінгі кезеңде «Шахтинск ЖЭО» ЖШС заң бөлімінің бастығы лауазымын атқарды.
2010 жылдан 2014 жылға дейін «Шахтинск қаласының қаржы бөлімі» ММ заң кеңесшісі лауазымын атқарды.
2014 жылы «Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ заң кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
2015 жылдан 2019 жылға дейін «Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ коммуналдық меншікті басқару және мемлекеттік сатып алуды үйлестіру секторының меңгерушісі лауазымын атқарды.
2019 жылдан 2026 жылға дейін «Шахтинск қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және үйлестіру, коммуналдық меншікті басқару, цифрландыру және МЖӘ жобаларын іске асыру секторының меңгерушісі лауазымын атқарды.
2026 жылдың наурызынан бастап қазіргі уақытқа дейін «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы лауазымын атқаруда.



