
Жаппаров Сарсенбай Баймендинович
Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Сарсенбай Баймендинович Жаппаров 1963 жылы Қарағанды облысы Шет ауданының Ағадыр кентінде дүниеге келді. 1991 жылы «Заңтану. Заңгер» мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтады.
Еңбек жолын 1981 жылы Ағадыр станциясының Алматы темір жолы локомотив депосының бірінші разрядттағы жабдықтар жөніндегі слесарі болып бастады. 1982 жылдан бастап 1984 жылға дейін Кеңес Әскерінде қызмет етті.
1984 жылдан бастап 1986 жылға дейін Ағадыр станциясының локомотив депосының Целина темір жолы жабдықтаушысы болып жұмыс істеді. Содан кейін 1986 жылдан бастап 1991 жылға дейін Қарағанды қаласының Қарағанды мемлекеттік университетінде білім алды.
1991 жылдан бастап 1992 жылға дейін Жезқазған облысы Жезқазған қаласының прокуратурасында тағлымдамадан өтті. Содан кейін Жезқазған облысы Жезқазған қаласы прокуратурасының аға тергеушісі болып жұмыс істеді.
1993 жылы Жезқазған облысы прокуратурасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісінің міндетін атқарды, содан кейін Жезқазған облысы, Жезқазған қаласы прокуратурасының аға тергеушісі болып жұмыс істеді.
1994 жылдан бастап 1995 жылға дейін Жезқазған облысы прокуратурасының аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі болып қызмет етті.
1995 жылдан бастап 1998 жылға дейін ҚР ІІМ Қарағанды облысы ішкі істерінің құқық қорғау органдарында қызмет етті.
1997 жылдан бастап 1998 жылға дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры болды.
1998 жылдан бастап 2001 жылға дейін ҚР ІІМ әскери департаментінде қызмет етті.
2001 жылдан бастап 2003 жылға дейін Қарағанды облысы прокуратурасының алдын-ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау және басқармасының прокуроры лауазымын атқарды.
2003 жылы Астана қаласы прокуратурасының алдын-ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры лауазымына тағайындалды, содан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, қылмыстық атқару жүйесі комитетінің және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының алдын-ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау жөніндегі департаментінің алдын-ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры болып жұмыс істеді.
2004 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, қылмыстық атқару жүйесі комитетінің және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының алдын-ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау жөніндегі департаментінің алдын-ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры болып жұмыс істеді, Астана қаласы.
2004 жылдан бастап 2006 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, қылмыстық атқару жүйесі комитетінің және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының алдын-ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау жөніндегі департаментінің алдын-ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры болып жұмыс істеді, Астана қаласы.
2006 жылдан бастап Павлодар облысы Лебяж ауданының прокуроры болды.
2010 жылдан 2018 жылға дейін Қарағанды облысы Шахтинск қаласының прокуроры лауазымын атқарды.
2020 жылғы 10 ақпанда Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.




