Какарманов Жанат Маратович

    Шахтинск қаласы әкімі аппаратының басшысы

    Какарманов Жанат Маратович
    Аппарат басшысы

    Какарманов Жанат Маратович

    Шахтинск қаласы әкімі аппаратының басшысы

    Өмірбаян

    Какарманов Жанат Маратович 1986 жылы 28 қыркүйекте Қарағанды облысы Мичуринск ауданының Қарағанды совхозында дүниеге келген.

    2 жоғары білімі бар:

    2009 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономика университетін «Құқық» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Алматы экономика және статистика академиясын «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

    2007 жылдың наурызынан бастап Қарағанды облысы Әділет департаментінің Шахтинск қаласы Әділет басқармасында іс жүргізуші лауазымында еңбек жолын бастады, онда 2007 жылдың наурызынан 2007 жылдың қыркүйегіне дейін жұмыс істеді.

    2007 жылдың қазанынан 2009 жылдың қарашасына дейін Халыққа қызмет көрсету орталығының «Қарағанды облыстық №2 филиалының Шахтинск филиалы» ММ-де инспектор болып жұмыс істеді.

    2009 жылдың тамызынан 2009 жылдың қазанына дейін «Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты» ММ-де заң кеңесшісі лауазымын атқарды.

    2009 жылдың қарашасынан 2009 жылдың желтоқсанына дейін Шахтинск қаласы «Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты» ММ-нің бас маманы – заңгерінің міндеттерін атқарды.

    2009 жылдың желтоқсанынан 2015 жылдың шілдесіне дейін «Шахтинск қалалық мәслихатының аппараты» ММ-де бас маман-заңгер болып жұмыс істеді.

    2015 жылдың шілдесінен 2017 жылдың желтоқсанына дейін «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маман-заң кеңесшісі болып жұмыс істеді.

    2017 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың тамызына дейін «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де бөлім басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

    2019 жылдың тамызынан 2019 жылдың қазанына дейін «Шахтинск қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ-де тұрғын үй қоры секторының жетекшісі болып жұмыс істеді.

    2019 жылдың қазанынан 2023 жылдың қазанына дейін «Шахтинск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де бөлім басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

    2023 жылдың қазанынан қазіргі тағайындалуына дейін «Шахтинск қаласы әкімінің аппараты» ММ ТҚК жұмысы сұрақтары бойынша бас инспектор лауазымын атқарды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері