Капаев Сержан Елеубекович

    Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары

    Капаев Сержан Елеубекович
    Заместитель акима

    Капаев Сержан Елеубекович

    Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары

    Өмірбаян

    Сержан Елеубекович Капаев, 1989 жылғы 8 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Айнабұлақ кентінде дүниеге келген.

    2010 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітіріп, жоғары білім алды.

    2012 жылы «Болашақ» Қарағанды университетін «Экономика және бизнес» мамандығы бойынша магистратураны аяқтады.

    2020 жылы «Болашақ» академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

    2025 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Экономика» мамандығы бойынша аяқтап магистр атанды.

    2011 жылдан бастап 2012 жыл аралығында «Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ экономист болып жұмыс істеді.

    2012 жылғы мамырдан бастап қыркүйек аралығында «Саран қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманның міндеттерін атқарушысы болды.

    2012 жылғы қыркүйектен бастап қазан айы аралығында «Саран қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ бас маманы болып тағайындалды.

    2012 жылдан бастап 2013 жыл аралығында «Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ стратегиялық жоспарлау және тиімділігі бағалау бөлімінің бас маманы лауазымын атқарды.

    2013 жылдан бастап 2014 жыл аралығында Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасының бас маманы болып жұмыс істеді.

    2014 жылдан бастап 2015 жыл аралығында «Қарағанды облысының экономика және қаржы басқармасының» ММ қалаларды дамыту бөлімінің бас маманы болды.

    2015 жылдан бастап 2021 жыл аралығында «Шахтинск қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы» ММ басшысы болып тағайындалды.

    2021 жылдан бастап 2023 жыл аралығында «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс атқарды.

    2023 жылы Қарағанды облысының әкімдігі ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.

    2023 жылдан бастап 2025 жыл аралығында «Қарағанды облысының өнеркәсіп және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысының орынбасары болып жұмыс атқарды.

    2025 жылдан бастап 2026 жыл аралығында аралығында «Қарағанды облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп» басшысының орынбасары болып тағайындалды.

    2026 жылғы 6 сәуірден бастап осы уақытқа дейін Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқаруда.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері