«Оқитын ұлт» жалпыұлттық марафоны аясында алматылық жастар ұсынылған төрт кітаптың бірін оқып, бейнерецензия дайындап, ақшалай жүлделерге ие болу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы Алматы қаласының Жастар саясаты басқармасы хабарлады.
Байқауды Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Skill All қысқа мерзімді курстарының жобалық кеңсесі ұйымдастырып отыр. Оның негізгі мақсаты – жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сыни ойлау қабілетін дамыту және өз пікірін дәлелді түрде жеткізу дағдыларын қалыптастыру.
Қатысушыларға төрт кітаптың бірі ұсынылады: Сайын Мұратбековтің «Жусан иісі», Олжас Сүлейменовтің «АЗ и Я», Мари Фавероның «Алтын Орда. Дала империясы әлемді қалай өзгертті» және Арман Әлменбеттің «Тергеуші» шығармалары.
Таңдалған шығарма бойынша ұзақтығы бір минуттан үш минутқа дейінгі бейнерецензия дайындау қажет. Бейнерецензияда кітаптың негізгі идеясын ашып, мәтіннен кемінде екі мысал келтіріп, оқылған шығарма бойынша жеке қорытынды жасау талап етіледі.
Байқауға қатысу үшін алдымен тіркеліп, Instagram әлеуметтік желісінде таңдалған кітаптың атауы мен #oqitynult хэштегі көрсетілген жазба жариялау қажет. Кейін дайын бейнерецензияны дәл осы хэштегпен орналастыру керек.
Қатысушылардың жұмыстары төрт негізгі критерий бойынша бағаланады: шығарма мазмұнын түсіну, пікірді дәлелдеу сапасы, ойдың дербестігі, баяндаудың логикасы мен анықтығы. Ең жоғары баға – 100 балл.
Чемпионаттың жалпы жүлде қоры 400 мың теңгені құрайды. Бірінші орын иегеріне 100 мың теңге, екінші орын алған екі қатысушыға 75 мың теңгеден, ал үшінші орын иеленген үш қатысушыға 50 мың теңгеден беріледі.
Бейнерецензияларды қабылдау 19 қазанға дейін жалғасады. 20–22 қазан аралығында қазылар алқасы жұмыстарды бағалайды. Ал 23 қазанда чемпионаттың қорытынды іс-шарасы өтіп, жеңімпаздар жарияланып, марапатталады.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, чемпионат жастардың классикалық және заманауи әдебиетке деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, оқылған шығармалар туралы пікір алмасуға және өзара талқылау мәдениетін дамытуға мүмкіндік береді.
Алматыда жастар арасында кітап оқу чемпионаты басталды
Ұқсас материалдар
АСТАНАДА АЛҒАШ РЕТ ЖҮЗУДЕН WORLD AQUATICS ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ
Спорт және дене шынықтыру істері комитетіАшу
Талас аудандық аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті
Талас ауданының әкімдігіАшуЕрбол Мырзабосынов жүзуден World Aquatics 2026 Әлем кубогі финалдық кезеңінің ашылу салтанатына қатысты
ҚР ТСМАшуҚазақ палуандары U23 әлем чемпионатында тағы 3 медаль еншілеп, жалпы есепте 2-орын алды
ҚР ТСМАшуТуризм саласындағы жаңа талаптар: кәсіпкерлер нені білуі керек?
ҚР ТСМАшу
"Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы" жаңалықтары

«Заң мен тәртіп» іс жүзінде: Алматыда 30 мыңнан астам жас профилактикалық іс-шаралармен қамтылды
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасыАшу
«Позитивті жастар»: Алматыда бірінші курс студенттерін қабылдау рәсімі технология, шығармашылық және ұлттық құндылықтарды біріктірді
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасыАшу
100-ден астам алматылық жас JAS CAMP аясында өздерінің digital-жобаларын әзірлейді
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасыАшу
Алматыда қала студенттеріне арналған дағдарыс орталығы ашылды
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасыАшуИнклюзивті білім беруден жасанды интеллектке дейін: Алматыда «Жастар қатысатын бюджет – 2026» онлайн-дауыс беруінің жеңімпаздары анықталды
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасыАшу