АСТАНАДА АЛҒАШ РЕТ ЖҮЗУДЕН WORLD AQUATICS ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ КЕЗЕҢІ ӨТУДЕ

    2026 жылғы 15-17 қазан аралығында Астана қаласында жүзуден World Aquatics – Astana 2026 әлем кубогының кезеңі өтеді. Қазақстан тарихта алғаш рет осындай деңгейдегі халықаралық жарысты өткізу құқығына ие болды.

    Елордадағы «Барыс Аренада» өтіп жатқан дүбірлі дода Баку, Ташкент және Астана қалаларын біріктіретін Silk Road халықаралық сериясының қорытынды кезеңі болмақ. Әлем кубогы World Aquatics ұйымының ресми күнтізбесіне енгізілген және 25 метрлік бассейнде өткізіледі.

    Халықаралық турнирге әлемнің 40-жуық елден 300-астам спортшы қатысуда. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары мен қазіргі рекорд иелері де бар. Бүгінгі таңда шетелден 226 қатысушы тіркелген. Олардың арасында АҚШ, Қытай, Канада, Аустралия, Жапония, Италия, Ұлыбритания, Нидерланд және өзге де мемлекеттердің өкілдері бар.

    Жарыс бағдарламасына еркін стиль, брасс, баттерфляй және шалқалап жүзуден 50, 100 және 200 метрлік қашықтықтар енгізілген. Сонымен қатар спортшылар 100 және 200 метрге кешенді жүзу мен эстафеталық сайыстарда бақ сынайды.

    16 қазанда спортшылар таңғы және кешкі сессияларда сынға түссе, 17 қазанда шешуші бәсекелер өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталады.

    Әлем кубогы кезеңінің Қазақстанда өтуі еліміздегі жүзу спортының дамуына тың серпін береді. Бұл жарыс отандық спортшыларға әлемнің үздік жүзушілерімен бір додада бақ сынауға, ал жанкүйерлерге халықаралық деңгейдегі тартысты бәсекелерді тамашалауға мүмкіндік береді.

    📷 Михаил ТРУШКОВ

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" жаңалықтары